Алматының ең әсем жазғы алаңқайларына барып, оларды суретке түсіріп, қай жерде орналасқанын анықтадық
Кафе мен мейрамханалардың жазғы алаңқайлары – Алматының ажырамас бөлшегі әрі алматылықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны. Жақындармен кездесетін, сәнді луктарды паш ететін, қашықтан жұмыс істейтін, үй жануарларымен барып демалатын жерлер. Кафе не ресторанға барарда жиі жазғы алаңқайы бар ма екен деп жататынымыз рас. Бастысы – дұрыс жер таңдау. Біз бұл мәселені шешу үшін Алматының ең әсем жазғы алаңқайларын өз көзімізбен көріп қайттық. Мұнда сіз самал желдің салқынына бөленіп, кеңес дәуірінен қалған сәулет өнері туындыларына тәнті болып, таза ауа жұтып, қала ырғағын сезініп, жасыл қаланың құшағына батасыз.
AUYL
Керей-Жәнібек хандар, 586 ж