Хлои Кардашьян протеин снектерін шығаруды қолға алып, өз компаниясының тұңғыш өнімі ретінде попкорнды ұсынды
Кардашьяндар тамақ индустриясын жаулап алуды жалғастырады. Бұған дейін Кендалл мен Кайли 818 Tequila және Sprinter алкоголь брендтерін құрған болатын. Ал енді Хлои Кардашьян денсаулыққа деген трендке ілесіп, Khloud брендін іске қосты. Өнімдер 2025 жылдың 29 сәуірінен бастап Америкадағы Target дүкендер желісінің барлық сату нүктелерінде және брендтің ресми сайтында қолжетімді болады.
Khloud идеясы Хлои диета ұстап жүрген кезінде күнделікті рационында ақуыз жетіспейтінін байқағанда туындады. Реалити жұлдызы снекті әрі дәмді, әрі пайдалы етуді ұйғарып, протеинге бай снектерді ойлап тапты. Дегенмен «ойлап тапты» деу артық болар, себебі 2024 жылғы бағалауға сәйкес, әлемдік протеин снек нарығының көлемі 50 миллиард долларға жетті. Кардашьянның сөзінше, Khloud попкорнының басқалардан айырмашылығы құрамындағы ақуыз мөлшерінің көптігінде: бір порцияда жеті грамм. Хлои «еш өкінбестен» жеуге болатын снек жасағысы келді. Ол өнімнің дәмін өзі де татып, жиендеріне де беріп сынап көрді. Khloud алдағы уақытта қандай өнімдерді шығарады деген сұраққа Кардашьян: «Мен әрдайым өзіммен бірге алып жүргім келетін немесе балаларға еркін бере алатын өнімдер. Шамасы, бұл крекер немесе чипс болады», – деп жауап берді.