Lifestyle|Arts

Джан Паоло Барбьеридің сәнді винтаж суреттері Миланға қойылды

Автор Назерке Бұрхан
15.04.2025
Gian Paolo Barbier | pomellato.com
IMAGE Gian Paolo Barbier | pomellato.com

Миланның дизайн апталығы аясында Pomellato дүкені марқұм фотографқа құрмет көрсетіп, 70-80 жылдары түсірілген суреттерін жұрт назарына ұсынды.

Джан Паоло Барбьери өткен ғасырдың 60-шы жылдары сән әлеміндегі өзгерістердің куәгері ғана емес, авторы да бола алды. Фотографтың драма бағытындағы білімі, театр мен киноға деген махаббаты және режиссерлік таланты басқалар байқамайтын сиқырды көре алуға, көрсете алуға сеп болды. 

Pomellato брендінің алғашқы жарнамалық науқаны үшін түсірілген бір ғана «Егіздер» картинасын алайық. Туындыны ерекше ететін — егіз модельдің театрландырылған образы ғана емес. Діни-мистикалық ұғымдардың бір суретте үйлесім тапқаны да таңғалдырады. Суреткердің психология мен сюрреализмнен, тіпті өзі дүниеден озғаннан кейінгі сән мен стильден хабары болғандай көрінеді. Ақ-қара фотосуреттер Pomellato бұйымдарының бүгінгі құндылығын да айна-қатесіз жеткізеді.

«Фотоөнер зергерлік өнермен тоғысқанда» трибьюті Миландағы Pomellato дүкенінде өтіп жатыр. Көрмені көруге алдын ала жазылып, 18 cәуірге дейін күн сайын 10:00—19:00 аралығында баруға болады.