Канн кинофестивалі басталмастан екі күн бұрын «жалаңаш» көйлектерге, ұзын етектер мен көлемді белдемшелерге тыйым салынды. Стилистерге қиын болды
2025 жылғы Канн кинофестивалі экранда емес, қызыл кілемдегі күтпеген жағдаймен басталды: ашылуға санаулы күн қалғанда ұйымдастырушылар киім кию тәртібін кенеттен өзгертті. Жаңа ережелер бойынша «жалаңаш» көйлектерге, жер сипаған етектерге және қонақтардың еркін жүріп-тұруына, басқаша айтқанда, «фестивальдің мәртебесіне» нұқсан келтіретін кез келген киімге толық тыйым салынды. Ұзын етектердің жүріске кедергі келтіретіні түсінікті, бірақ «жалаңаш» көйлектерге тыйым стилистерді де, TikTok сарапшыларын да, Белла Хадидті білетін барлық жандарды да абдыратты.
Стилистер абыр-сабырға түсті. Тез арада еш жері ашық емес, астары бар ұзын кешкі көйлек табу немесе қонақ үй нөмірінде отырып алып, дайын кутюр көйлегін асығыс түрде өзгерту оңай шаруа емес. Ал егер жұлдыз клиентіңіз қалаға келіп қойса ше? Кейбір жұлдыздар әдейі ашық киініп, әсерлі көрініске үміт артқаны анық.
Ирина Шейк былтыр мөлдір Gucci киген болса, биыл ол Armani Privé-нің қарапайым образымен және Лена Ленина стиліндегі шаш үлгісімен шектелді. Хайди Клум керісінше тыйымды елемей, ауыр етегі бар сәнді Elie Saab көйлегімен жүріп өтті, шамасы, өзгертіп жатуға уақыты (немесе ынтасы) болмаған шығар.
Қазылар алқасының төрайымы Жюльет Бинош аппақ киімі мен басындағы жамылғысымен құдды бір Мадонна бейнесіндей рухани бір көріністе болды. Ол Dior-дың жамылғысы бар, жібек орамалға ұқсайтын көйлегін киген еді. Бұл киімде ашықтық та, арандатушылық та мүлдем байқалмай, барлығы өте қатаң, жабық, тіпті діни әйелдердің киіміндей болды.

Ал Белла Хадид ше? «Жалаңаштанудың» орнына Saint Laurent-ның қара жібек жабық көйлегін киіп келді. Образды Chopard-тың ірі тастармен көмкерілген сырғалары толықтырып жатты.

Фестивальдің биылғы қызыл кілемі соншалықты сұрықсыз болып қалғаны үшін ұйымдастырушыларға кінә артуға бола ма? Әрине, болады. Ереже деген жақсы нәрсе, әсіресе алдын ала жарияланса. Бірақ киім кию тәртібі аяқасты өзгерсе, тек стилистер ғана емес, Instagram-дағы көрсеткіштер де зардап шегеді. Канн – сән әлемінің басты сахналарының бірі: үздік образдар қатарына ілігу брендтің танымалдығын бірден көтеріп тастайды. Lefty агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы фестиваль Instagram-да 86,3 миллион доллар EMV (Earned Media Value) табыс әкелген. Көшті бастаған Saint Laurent – 14,1 миллион доллар, оның 10%-ы Белла Хадидтің карамель түсті «ашық» көйлегінің арқасында келген.
Ұйымдастырушылардың ниеті, әрине, ізгі еді, ел-жұрттың назарын шулы жарнамадан киноның өзіне аударту. Бірақ нәтижесінде біз тек мұңды зайырлы жаңалықтарды ғана көрдік.












