2025 жылғы көктем/жаз маусымына арналған Wild Horizon капсуласы брендтің жаңа бағытын көрсетеді
Canada Goose брендінің креатив директоры Хайдер Акерманн екінші маусымдық капсула топтамасын ұсынады. Canada Goose бренді өзінің культтік киімдерін Snow Goose капсуласына арнап жеңіл, «тыныс алатын» нұсқада қайта өңдеді. Жазғы ауа райына бейімделген топтама нейлон шортылардан, ультражеңіл жаңбыр күрткелерінен, мақтадан тігілген паркалар мен жеңіл утилитарлық шалбарлардан тұрады – мұның бәрі брендтің жылы маусым кезіндегі стиль позициясын күшейтеді.
Коллекцияның түстері мұзды көк Arctic Mist пен күлгін Violet Eclipse – хаки мен беж реңктерімен әдемі үйлеседі. «Құстарды естисің бе?», «Тыныштал» және «Мені дала гүлдерінің арасынан тап» деп аталатын графикалық элементтер сериясы Акерманның табиғат пен саяхат арқылы тыныштыққа ұмтылысын көрсетеді.


«Осы коллекциядан қабат-қабат киімдерді және өмірден күтетін қабат-қабат үмітті алып тастағым келді. Бұл – үнсіз көтеріліс. Капсула Canada Goose топтамасын жаңа жағынан көрсетеді. Біз сұлулықпен, еркіндікпен ойнаймыз», – дейді Акерманн.
Шығарылым алдында Акерман өзінің жақын достары үшін шөлде үш күндік экспедиция ұйымдастырды. Көктем/жаз 2025 Snow Goose топтамасындағы заттарды басынан аяғына дейін киген қонақтар Ютаның жабайы табиғатын зерттеді.


