IMAGE Жәмиля Нұрқалиева мен Қайрат Боранбаев | Фото: Альбина Арбузова

«Целинный» заманауи мәдениет орталығының командасы өздерінің жоспарлары, ұзақ мерзімді стратегиясы, жаңа жобалары және заманауи өнердің қоғамдағы рөлі туралы ойларымен бөлісті

Бесінші қыркүйекте Алматыда көптен күткен «Целинный» заманауи мәдениет орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл – Қазақстандағы заманауи мәдениетті қолдайтын, жеке алаңы бар алғашқы жекеменшік институт. Алғашқы үш күнде орталыққа 12 мыңнан астам адам келген.

«Целинныйдың» негізін 2018 жылы кәсіпкер және меценат Қайрат Боранбаев қалаған. Оның көркемдік стратегиясы «Осы жерде» және «Дәл қазір» қағидасына негізделген. Басты мақсаты – жергілікті зияткерлік және көркемдік қауымдастықты қолдау және дамыту.

Жаңа кеңістік

Орталық кеңестік Алматының басты мәдени орындарының бірі болған бұрынғы «Целинный» кинотеатрының ғимаратында орналасқан. Қайта жаңарту жұмыстарына британдық сәулетші Асиф Хан жауапты болды. Ол ғимаратты өнер мен қоғамдық диалогқа арналған ашық әрі инклюзивті платформаға айналдырды.

Басты қасбет ұзындығы 42 метрлік «бұлт» бейнесінде қайта жасалды – бұл Тәңір мен Ұмайдың (Аспан мен Жердің) арасындағы диалогтың символы. Ішінде «Капсула» галереясы, кітапханасы бар «Ателье» білім беру орталығы, кітап дүкені, кеңселер, JER кафесі және көрмелер мен перформанстарға арналған, төбесі 18 метрлік көпфункционалды зал орналасқан. Болашақта кеңістік Алматының панорамалық көрінісі бар шатырдағы мейрамханамен толықтырылады.

Ғимарат қасбетіндегі рельеф ежелгі көшпелі өркениеттерге, болашақ ұрпақтың көркем тіліне және кеңес суретшісі Евгений Сидоркиннің сграффитосына сілтеме жасайды. Соңғысы ұқыпты түрде қалпына келтіріліп, орталықтың интерьерінде сақталған.

Tatler Asia
IMAGE Жәмила Нұрқалиева
Tatler Asia
Tatler Asia

Құндылықтар мен миссия

«Целинный» командасы заманауи өнерді тереңірек түсінуге көмектесетін білім беру бағдарламаларының маңыздылығын атап өтеді. Олар үшін орталық – тек көрме алаңы емес, қоғамның басын қосатын орын. «Біз Целинныйда әрбір адамның үні естілгенін қалаймыз, – дейді орталықтың негізін қалаушы Қайрат Боранбаев. – Бұл сән туралы емес, саналылық туралы: өнер арқылы өзіңнің және қоғамның ішіндегі өзгерістерді көру мүмкіндігі».

Инклюзияға ерекше назар аударылды. Орталықта кедергісіз орта қарастырылған, оңалту орталықтарымен және инклюзивті театр жобаларымен ынтымақтастық орнатылған. «Біз үшін мұнда кез келген адамның келіп, өзін мәдени процестің бір бөлігі ретінде сезінуі маңызды болды», – деп атап өтті Боранбаев.

Tatler Asia
IMAGE Жәмиля Нұрқалиева, Қайрат Боранбаев, Асиф Хан, Алима Қайрат және Гүлнұр Мұқажанова
Tatler Asia
Tatler Asia

Мәдени бағдарлама

Орталықтың мәдени бағдарламасы бірнеше ай бұрын жоспарланған. Қазір басты залда Арал теңізінің трагедиясына арналған ауқымды BARSAKELMES жобасын тамашалауға болады. Оның негізі – суретші Гүлнұр Мұқажанованың монументалды жұмысы, оны жасауға 40-қа жуық адам атсалысқан. «Бұл халықпен бірге халық үшін жасалған жұмыс болды», – дейді суретші. Сондай-ақ, BARSAKELMES аясында Дария Темірханның «Сенің түстеріңді кім қорғайды» атты видеоинсталляциясы ұсынылған. Оны қыстың соңына дейін көруге болады.

Желтоқсанның ортасында «Целинныйда» көптен күткен кино бағдарламасы басталады: бұрынғы кинотеатрдың тарихынан алынған, 1960 жылдардан басталатын фильмдердің ретроспективалық көрсетілімдері. Ал қаңтарда көрермендерді суретшілер Ғалым Маданов пен Зәуреш Терекбай жасаған «Болжамдар мен жорамалдар» атты жаңа көрме жобасы күтеді.

Tatler Asia
IMAGE Гүлнұр Мұқажанова

«Целинныйдың» болашағы

Орталықтың стратегиялық дамуы серіктестік пен меценаттыққа негізделген. 2021 жылы патрондар клубы ашылса, бүгінде өнерді қолдауға корпорациялар мен жеке компаниялар шақырылуда. «Қазақстанда заманауи өнерді қолдаудың заңнамалық базасы әлі жоқ, бірақ біз мұны еркіндік әрі сын-тегеурін деп білеміз. Целинныйадамдарды, бизнесті және мемлекетті біріктіретін мәдениет туралы үлкен диалогтың бастамасы болып отыр», – деп атап өтті «Целинный» директоры Жәмиля Нұрқалиева. Жақын арада «Целинный» аумағы Ахмет Байтұрсынов атындағы саябақпен біріктіріліп, ауданды ауқымды мәдени кеңістікке айналдыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Целинный» заманауи мәдениет орталығы soft opening режимінде жұмыс істейді – жұмадан жексенбіге дейін, сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін.

Tatler Asia
IMAGE Асиф Хан, Алима Қайрат, Гүлнұр Мұқажанова

Целинный заманауи мәдениет орталығы қазір жұмадан жексенбіге дейін сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін шектеулі режимде (soft opening) жұмыс істейді. Жұмыс сағаттары алдағы уақытта біртіндеп кеңейе бермек.

Темы