IMAGE Әбдірашит Сыдыханов, Қойларды шомылдыру, 1969 ж.

Қазақ өнеріндегі киелі де қасиетті жануар – қойдың тарихымен таныстыратын «Qunart: қазақ өнеріндегі қой тарихы» атты көрме өз шымылдығын ашқалы тұр

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының кең залдары 2025 жылдың 30 сәуір–18 мамыр аралығында мәдениет пен шаруашылықтың ғасырлар бойы тоғысқан жолын ашып көрсететін бірегей көрмені қабылдайды. «Qunart: қазақ өнеріндегі қой тарихы» атты бұл шара, 2024 жылдың қазан айында YouTube платформасында жарық көре бастаған «Qunar+» реалити-шоуының көркемдікпен өрілген жалғасы болмақ. Қазақ тілінде шығып, орысша субтитрмен қамтамасыз етілген бұл жоба енді өнер туындылары арқылы көрерменге жол тартпақ.

«Qunar+» жобасы мен алдағы көрме – еліміздегі мал шаруашылығының дамуына үлес қосуды мақсат етеді. Бүгінгі таңда (2025 жылғы мәлімет бойынша) ірі қара малдың саны 8,5 миллионға, ал ұсақ малдың саны 21 миллионға жеткен. Алайда тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 10 миллион және 36 миллионды құраған еді. Көрменің кураторы Оля Веселованың айтуынша: «Біз көрермендерге қазақ мәдениетіндегі мал шаруашылығының тарихы мен маңыздылығын еске салғымыз келеді, сонымен қатар ел экономикасындағы үлесін айшықтап көрсеткіміз келеді».

Qunar Creative компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Ақерке Тәтішеваның пікірінше, бұл жоба – ауыл болашағын жаңғыртуға арналған шығармашылық манифест: «Qunar жобасы – қоғамның асыл қазынасы фермерлікке деген бұрынғы қалыптасқан көзқарасын жаңаша зерделеуге бағытталған қадам. Біздің мұндағы басты мақсатымыз – ауыл шаруашылығының тек қана өткеннің мұрасы емес, сонымен бірге жарқын, тұрақты болашақтың кепілі екенін көрсету».