IMAGE Tatler Kazakhstan

Альмира Тұрсын мен Әсел Шалабаева фильмге дайындық барысындағы қиындықтар, тотемизм мен мата түстерінің маңызы жайлы әңгіме өрбітті.

Tatler мен «Қазақфильм» киностудиясының бірлескен жобасында қазақстандық киноиндустрияның ең ауқымды туындыларының бірі — «Томирис» фильміндегі костюмдер қалай жасалғаны туралы баяндаймыз.

Бізге Томирис ханшайымның рөлін сомдаған Альмира Тұрсын мен костюм суретшісі Әсел Шалабаевадан сұхбат алу бақыты бұйырды. Альмира түсірілімге әскери дайындыққа ұқсас жағдайда қалай дайындалғанын, ауыр жауынгерлік костюммен қалай күрескенін, сондай-ақ Томирис бейнесінің ажырамас бөлшегі — кейіннен 125 миллион теңгеден астам сомаға аукционда сатылған гривна туралы да айтып берді. Әсел өз жұмысының күрделілігін сипаттап, авторлық әдісі — тотемизм туралы ойларын бөлісті: ол әр кейіпкерге тән жануар таңдап, оның болмысын тереңірек түсінуге тырысқан. Суретшіге негізінен сақ дәуірінің қорғандары, археологиялық деректер мен қолөнер мұрасы шабыт сыйлаған.

«Қазақфильм» киностудиясына барып, кино әлемінің сахна сыртындағы сырын кейіпкерлерімізбен бірге ашқыңыз келсе, YouTube-арнадағы жаңа шығарылымды көріп шығыңыз.

Темы