«Аққу көлі» балеті ұлы композитордың туған күніне орайластырылған
Халықаралық Ballet Globe фестивалінің аясында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасы айшықты оқиғаға куә болмақ. Бұл кеш Петр Ильич Чайковскийдің 185 жылдық мерейтойына арналып отыр. Әйгілі «Аққу көлі» балеті көрермен назарына ұсынылады.
Спектакльдегі басты рөлдерді Үлкен театрдың премьері Артемий Беляков пен жетекші солисі Ольга Марченкова сомдайды. Бұл қойылым драматург Владимир Бегичев пен еңбек сіңірген артист Василий Гельцердің либреттосы бойынша жасалған. Хореографиясын балетмейстер Мариус Петипа қойған. Чайковскийдің мәңгілік мұрасында ханзада Зигфрид пен күндіз аққуға айналатын ханшайым Одеттаның әсерлі махаббат хикаясы баяндалады.
Балет көрсетілімі 30 және 31 мамыр күндері өтеді. Билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады. Қапы қалмаңыздар!