Бұл – Орталық Азиядағы әйелдер еңбегінің маңызы мен алуан қырын көркемдік тұрғыдан пайымдайтын жоба.
«Әйелдер еңбегі» деген атаудың өзі кеңестік кезеңнің жарқын плакаттарының эстетикасын еске салғанымен, бұл тақырыпты өнер призмасы арқылы тереңірек пайымдауға шақырады. Көрмеде еңбектің физикалық, эмоциялық және шығармашылық сияқты түрлі қырлары сөз болады. Көрме кураторы – Оля Веселова.
«Біз әйелдер еңбегін тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге мәдени және символдық құндылық ретінде сөз етуді маңызды санаймыз. Бұл көрме – әйелдердің қоғамға қосатын үлесінің орасан зор, көпқырлы екенін және оны елемеуге болмайтынын көрсетудің біздің жолымыз. Біз қоғамның оны көріп, мойындауды үйренгенін қалаймыз», – дейді EFES Kazakhstan маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп.
Көрменің ерекше маңыздылығын оның «Ана үйі» жобасымен бірлесіп өткізілуі арттыра түседі. Бұл – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған әлеуметтік пана. EFES Kazakhstan бірнеше жылдан бері осы жобаға қолдау көрсетіп келеді. Компания әйелдерге сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, экономикалық тәуелсіздікке сеніммен оралуына көмектесетін кәсіби курстарды қаржыландырады. Оқыту бағдарламасы массаж, маникюр, визаж дағдыларын, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін қамтиды.



