IMAGE Met Gala 2025 | Getty Images

Әлеуметтік желілерде Зендаяның қалпағына қатысты қауесет қызу талқыланып жатыр. Бұл құбылыстың неге, қалай және неліктен пайда болғанын баяндаймыз

Зендаяны медиа кеңістігінде мазақ ету күтпеген жерден басталды. Мамырдың алтысында актриса Met Gala қайырымдылық кешіне ақ смокинг пен Louis Vuitton қалпағын киіп келді. Осы қалпақ 2014 жылдан бері келе жатқан әжуаның жаңа толқынын тудырды. Қызығы сол, «Сегун» сериалында ойнаған Анна Саваи де осыған ұқсас образда болғанымен, ол тек Зендаямен салыстырумен ғана құтылды.

«Zendaya hat theory» (ағыл. «Зендеяның қалпақ теориясы») деген атқа ие болған қауесет 2014 жылы басталды. Ол кезде Disney жұлдызы Teen Vogue шарасына үлкен қара қалпақ киіп келген болатын. Оның суреттері лезде мемге айналып, актриса туралы түрлі сандырақ тұжырымдар тарай бастады. Мысалы, «қалпақ астында оны басқаратын біреу бар», «Зендая – «Бабадук» қорқынышты фильміндегі құбыжықтың тірілген түрі» деген секілді. Шын мәнінде қалпақтың ешқандай зұлымдық мәні жоқ. Теория жақтаушылары жай ғана актрисаны мазақ етіп жүр. Оның сұхбаттарына әртүрлі эффектілер қосып, қалпақты салып, қорқынышты дыбыстармен видеолар жариялап, мимикасын күлкіге айналдырып жатыр. Met Gala-дағы ақ қалпақ жаңа келемежге толы сандықтың бетін ашты. Бұл әрекеттердің тоқтайтын түрі жоқ. Әзілдің астарына үңілгісі келгендерді хейтерлер жаңа қауесеттер қосу арқылы әбден шатастырды. Зендая бұл қудалауға ешқандай пікір білдірген жоқ. Ол шамасы «Одиссея» мен «Эйфория» түсірілімдерімен қарбалас болып немесе әріптесі Том Холландпен алдағы үйлену тойына дайындалып жүрген болар.

Tatler Asia
LOS ANGELES, CA - SEPTEMBER 26:  Actress Zendaya arrives at the Teen Vogue Young Hollywood Party on September 26, 2014 in Los Angeles, California.  (Photo by Jon Kopaloff / FilmMagic)
IMAGE Фотосуретші: Джон Копалоф | Getty Images
Tatler Asia
NEW YORK, NEW YORK - MAY 05: Zendaya attends the 2025 Met Gala Celebrating "Superfine: Tailoring Black Style" at Metropolitan Museum of Art on May 05, 2025 in New York City.  (Photo by Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue)
IMAGE Фотосуретші: Dimitrios Kambouris | Getty Images