IMAGE Instagram @kimkardashian

«Бесінші дөңгелек» комедиясы туралы бізге белгілі жайттарды бөлісеміз

«Бесінші дөңгелек» комедиясы – әйелдер қауымына арналған, әйелдердің күшімен жасалған жоба. Ким Кардашьян

Netflix-пен бірге фильмге қатысты келісім 2023 жылы жасалған болатын. Сценарийді Пола Пелл мен Джанин Брито есімді жұбайлар жазған. Gloria Sanchez продюсерлік компаниясы фильм жобасын жариялағаннан кейін режиссер іздеу жұмыстары қолға алынды. Әрине, бұл рөлге міндетті түрде әйел режиссер қажет болып, таңдау Ева Лонгорияға түсті. Оның режиссерлік жұмыстарының ішінде «Почему женщины убивают», «Коварные горничные» және «Девственница Джейн» сияқты танымал туындылар бар.

Сюжеттің егжей-тегжейі әлі құпия, бірақ кино мамандары «кейінгі жылдардағы ең күлкілі сценарийлердің бірі»  деп бағалап жатыр. Бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені Пола Пеллдің қолынан шыққан тамаша туындыларды білетін шығарсыз. Олар: «Любовь по-взрослому», «Сестры» және «Головоломка» фильмінің екі бөлімі. Басты кейіпкер бірнешеу болатыны белгілі. Топтағы «артық адамды» «бесінші дөңгелек» деп атайтындықтан, Ким Кардашьян аутсайдер рөлін сомдайды деп болжаймыз. Команда толық жиналған сыңайлы, ендеше болжамдарымыздың расталуын асыға күтеміз!