IMAGE Фотосуретші: Тимур Өмірәлиев

Ayau карталар көмегімен болашағына үңіліп, Billie Eilish-пен бірлескен туынды және Коачелла сахнасына қашан шығатыны жайлы сұрады

«Карталар сыр шертеді» айдарының жаңа шығарылымын қарсы алыңыз! Бұл жолы танымал әнші Ayau Tatler-дің тылсым карталары арқылы өз болашағын болжайды.

Кейіпкерімізбен бірге біз көз тоймайтын әсем Daisy Flower Farm гүл фермасына аттандық. Төбемізде күн күркіреп, бұлт қоюланған сәтте Ayau картадан алдағы турлары, Billie Eilish-пен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі және атақты Коачелла фестивалінің сахнасына шығар сәті туралы сұрады. Ол бізбен асқақ армандары және ішкі қорқыныштарын бөлісіп, «Сахналық бейнемді өзгерткен жөн бе, әлде жаңа жанрда бақ сынап көрсем бе?» деген сауалдарға жауап іздеді. Карталар болашақ құпиясының шымылдығын сәл де болса ашып бергендей болды. Ayau-ды алда не күтіп тұр? Жауабын біздің YouTube-арнамыздағы жаңа бейнежазбадан тамашалаңыз!

Өткен шығарылымдарды мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Кейіпкер: Ayau
Операторлар: Павел Алгазин, Тимур Өмірәлиев
YouTube редакторы: Камила Әбдіғаппарова
Продюсер: Айгерім Таңатар
Тағылымгер: Аянат Қуандық

Түсірілім орнын ұсынғаны үшін Daisy Flower Farm гүл фермасына ерекше алғысымызды білдіреміз.