Актер Әзиз Бейшеналиев картадан болашағы, киножүлделер және Джеймс Бонд рөлі туралы сұрады
«Карталар сыр шертеді» айдарының жаңа кейіпкерін қарсы алыңыздар! Түсірілім, Америкадағы сапарлар, фотосессиялар деп қарбаласып жүрген актер Әзиз Бейшеналиев бізге бал ашуға арнайы ат басын бұрды. Әзиздің өзі бал ашуға сенбегенімен, біздің карталарымызбен бірнеше рет сырласып көрді. Ол өзінің кәсіби болашағына үңіліп, «Оскар» сахнасына шығар сәті, суперқаһарманды сомдау мүмкіндігі, тіпті жаңа Джеймс Бонд болу ықтималдығы туралы да сұрады. Әрине, жеке басынан бөлек, ұлының болашағы мен олардың Америкадағы өмірі де назардан тыс қалмады. Карталар жаңа кейіпкерімізге не болжады деп ойлайсыз: әлемдік киножүлделер, голливудтық блокбастерлер немесе оның құрметіне аталған киностудия ма? Толық нұсқасын YouTube арнамыздан тамашалаңыз.
Кейіпкер: Әзиз Бейшеналиев
Операторлар: Павел Алгазин, Тимур Өмірәлиев
YouTube редакторы: Камила Абдыгаппарова
CD: Сергей Юн
Продюсер: Айгерім Таңатар
Визажист: Карина Бабеджанова
Шаш стилисті: Екатерина Чистюнина
Стилист: Ажар Құдайбергенова
Стилист көмекшілері: Динара Әлібекова, Жансая Жүнісова