Михаил Шайдоров картамен бал аштырып, махаббат, төрттік аксель және жұптық сырғанау туралы сұрастырды
Біздің YouTube-арнамызда «Карталар сыр шертеді» атты тың айдар бастау алды. Сұхбат форматына жаңа леп беріп, оған мистикалық әуен қосуды ұйғардық: енді біздің қонақтарымыз жай ғана әңгімелесудің орнына карталарға көз салып, тағдырынан сыр тартады. Ал карталар кейіпкерлердің ең құпия сауалдарына жауап береді.
Алғашқы қонағымыз – мәнерлеп сырғанаушы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров. Алматының жасыл желек жамылған тропикалық бағында отырып, Михаил карталардан алдағы жеңістері, өнеріндегі жаңашылдықтар туралы сұрап, шынайы махаббатты қашан жолығатынын болжап көрді. Фигуристің осы және басқа да қызықты сұрақтарына алған жауаптарын біздің жаңа бейнебаянымыздан көре аласыздар!
Кейіпкер: Михаил Шайдоров
Фото суретші: Аружан Жанова
Оператор: Тимур Өмірәлиев
YouTube редакторы: Камила Әбдіғаппарова
Шығармашылық директор: Сергей Юн
Продюсер: Әйгерім Таңатар
Арнайы алғыс: Nicole бау-бақша орталығы және тропикалық өсімдіктер тәлімбағы
Визажист: Константин Молочко
Шаш үлгісі: Ольга Шаяхметова
Стилист: Зарина Файздрахманова
Әшекейлер: 995 CORE