Moldanazar тобының Estelikter әніне түсірілген бейнебаяны туралы баяндаймыз
Жақында Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне байланысты, Moldanazar-дың Estelikter бейнебаянындағы жәндіктер өте орынды көрінеді. Бірақ бұл арнайы ойластырылған көркемдік шешім емес екен: «Бейнебаянның режиссері өзім болғандықтан, мені ең соңында түсірді. Жазбаны бастаған кезде, күртемеме кенеттен дәуіт пен шегіртке келіп қонды. Олар кадрға осылайша еніп кетті».
Бейнебаянның продюсері – Зауре Омарова, операторы – Наиль Беспаев, қоюшы-суретшісі – Арайлым Жұмадуллаева. Батыл образдарды костюм дизайнері Әбдіраш Ақбөпе жинаса, монтажын Рина Наумова жасады. Бейнебаянда ғашықтар құмарлыққа бой алдырады, бірақ біртіндеп қарым-қатынастарының болашағы жоқ екенін түсіне бастайды. Магриттің картинасынан айырмашылығы, кейіпкерлердің беттерінен кенептер сыпырылып, соңында кадрдан мүлде жоғалып кетеді.
Moldanazar тобының жаңа трегі жүрекке жарық мұң ұялатады. «Ерте ме, кеш пе, бәрі ұмытылады», – деп әндетеді Ғалымжан, бірақ өз сөздеріне өзі сенгісі келмейтіндей. Бұл – махаббат туралы, жіберуге қиын естеліктер туралы ән. «Мен тректің қандай болуы керектігін бірден түсіндім. Ойымда Билли Айдолдың бүлікшіл бейнесі тұрды», – деп мойындайды Молданазар. Пікірлерде жанкүйерлер музыканттардың ертедегі шығармашылығын еске салатын ескі пост-панк сарынын атап өтуде.