IMAGE Кадр из фильма The Devil Wears Prada | 20th Century Fox

Былтыр Disney студиясы 2006 жылғы The Devil Wears Prada комедиясының ресми жалғасын дайындап жатқанын хабарлаған еді

Disney студиясы фильмнің жалғасы 2026 жылдың 1 мамыр күні кинотеатрларға жол тартады. Мэрил Стрип (Миранда Пристли) пен Эмили Бланттың (Эмили) фильмге қайта оралуы мүмкін деген ақпарат тарағанымен, актерлік құрам әлі ресми түрде расталған жоқ. 

Фильм 2003 жылы жарық көрген Лорен Вайсбергердің романының желісі бойынша түсірілген. Келесі бөлімде Миранда Пристли дәстүрлі журнал индустриясы құлдыраған заманда мансабын жалғастырып, енді сән әлеміндегі ықпалды компанияны басқаратын Эмилимен бетпе-бет кездеседі. Пристли әлгі компанияның жарнамадан табатын табысына қатты мұқтаж. Ал Энди Сакстың болашағы қалай өрбитіні әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.