IMAGE Instagram @slevydirect

«Драйв» жұлдызы Райан Гослинг «Жұлдызды соғыстар: Starfighter» фильмінде жаңа қырынан танылады

Режиссер Шон Леви («Ночь в музее», «Дэдпул и Росомаха») «Жұлдызды соғыстар: Starfighter» фильмінің түсірілім алаңынан жаңа кадр жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Сардиния жағалауында түсірілген бұл суретте Райан Гослинг пен жас актер Флинн Грэйдің Жерорта теңізінің ортасында қалқып бара жатқанын көруге болады.

Спин-оффтың сюжеті әзірге құпия болғанымен, «Жұлдызды соғыстар: Starfighter» фильмінің оқиғасы тоғызыншы эпизодтан шамамен бес жылдан кейін өрбитіні және жаңа кейіпкерлер туралы болатыны ғана белгілі.

Актерлік құрамға сондай-ақ Миа Гот, Эми Адамс, Мэтт Смит, Аарон Пьер, Саймон Берд, Джамейл Уэстман және Дэниел Ингс сияқты жұлдыздар енген. Сценарий авторы – Джонатан Троппер («Друзья и соседи»), ал жобаның продюсері – Lucasfilm президенті Кэтлин Кеннеди.

«Жұлдызды соғыстар: Starfighter» фильмінің әлемдік премьерасы 2027 жылдың 28 мамырына жоспарланған.