Labubu атты Қытай ойыншықтарының айналасындағы дүрлікпе күшейіп келеді
Бейжіңдегі Yongle аукцион үйінде алғашқы Labubu коллекциялық ойыншықтарының аукционы өтті. Ол жалпы алғанда шамамен $520 мыңға сатылған 48 лотты қамтыды. Ең қымбаты – жүні жалбыз түстес сүйкімді азулы құбыжықтың биіктігі 120 сантиметрді құрайтын мүсіні. $170 мыңға сатылды. Екінші орында – биіктігі 150 сантиметрді құрайтын қоңыр құбыжық. Бағасы – $130 мың. Үшінші орында – үш фигурадан тұратын Three Wise Labubu сеті. Оның құны $80 мыңды құрады.
Labubu – азулы құбыжық кейпіндегі коллекциялық ойыншық шығаратын Қытай бренді. Негізін қалаушы – Гонконгтен шыққан дизайнер Касинг Лунг. Қуыршақты сөмкесі мен белбеуіне аксессуар ретінде инфлюенсерлер мен жұлдыздар таға бастады. Сөйтіп, жаһандық Labubu дүрлікпесіне басталды. Labubu тек Pop Mart дүкендер желісінде blind box форматында ғана сатылады.

