IMAGE Николь Кидман және Эль Фаннинг | GettyImages

Discretion – Николь Кидман мен Эль Фаннинг үшін үшінші бірлескен жоба

A24 студиясы Discretion атты жаңа сериал туралы алғашқы мәліметтермен бөлісті. Басты рөлдерді Николь Кидман мен Эль Фаннинг сомдайтын бұл заңгерлік триллер – екі актрисаның үшінші бірлескен жұмысы болмақ. Бұған дейін олар «Роковое искушение» және «Как разговаривать с девушками на вечеринках» фильмдерінде бірге түскен еді.

Жоба америкалық жазушы Чандлер Бейкердің әлі жарық көрмеген әңгімесіне негізделген. Сериал оқиғалары Далласта өрбіп, бұрын корпоративтік заңгер болып жұмыс істеген Бейкердің жеке тәжірибесіне сүйенеді. Автордың өзі туындының экрандық бейімделуіне жауап беріп, атқарушы продюсер ретінде де қатысады.

Discretion – франшиза форматында дамитын ұзақ мерзімді жоба екені айтылуда. Онымен Сюзанна Грант («Эрин Брокович», «Невозможно поверить»), Николь Кидман мен Пер Саари (Blossom Films), сондай-ақ Эль және Дакота Фаннинг (Lewellen Pictures) де айналысады. Сериалдың нақты шығу күні әзірге белгісіз.