Дизайнерлік жиһаз, кино түсіретін аппаратура, түпнұсқа сценарийлер және бұғылардың бастары: Дэвид Линчтің аукционға шығарылған ең қызық заттарын талдаймыз
Іс-шара 18 маусым күні Лос-Анджелестегі Julien*s аукцион үйінде өтпек. Марқұм кинематографистің жеке мұрағатынан алынған 441 лотпен Julien*s Auctions сайтында танысуға болады. Арасында сценарийлер, постерлер, кофе-машиналар, камералар және Линчтің үй студиясынан алынған электр гитаралары бар.
Twin Peaks жанкүйерлері қызыл перде мен Black Lodge стиліндегі ирек-ирек кілемге, сондай-ақ Blue Pine қабырғаларында ілулі болған бұғылардың бас тұлыптары мен Гордон Коулдың офисіндегі ядролық жарылыстың суреті салынған қара жиектеменің көшірмесіне құмар болатыны анық.
Онлайн аукционға әлемнің кез келген жерінен қатысуға мархабат – ақша болса болды. Мысалы, режиссердің аты жазылған кресло $27 мыңға өтейін деп тұр.