Режиссер алдымен «Дөңнің» үшінші бөлімін аяқтап, содан кейін 007 агентін қайта жаңғыртуға кіріседі
«Дөң» мен «Blade Runner 2049» фильмдерінің режиссері Дени Вильнёв Джеймс Бонд туралы жаңа туындыны қолға алады. Алайда тыңшылар дастанына кіріспес бұрын ол «Дөңнің» үшінші бөлімі бойынша жұмысын аяқтайды. Фильмнің түсірілімі биыл жазда басталады.
THR деректеріне сәйкес, режиссерлікке одан бөлек «All Quiet on the Western Front» фильмімен танылған Эдвард Бергер, «Baby Driver» картинасын түсірген Эдгар Райт және «Паддингтон» арқылы танымал Пол Кинг те үміткер болған. Ақыр соңында таңдау Вильнёвке түсіпті.
Продюсерлік тізгінді Барбара Брокколи мен Майкл Уилсоннан көрерменге «Гарри Поттер» арқылы жақсы таныс Дэвид Хейман мен Sony-дің «Өрмекші-адам» фильмімен жұмыс істеген Эми Паскаль қабылдап алды. Бондиананың жаңа, өршіл тарауы көркем әрі ауқымды болатын сыңайлы. Кім білсін, бәлкім, 007 агентінің рөлінде Райан Гослингті көріп қалармыз.