Liili Tatler-мен сырласып, жан жары, guilty pleasure, армандаған фиті және басқа да сырларын бөлісті
Лейла Қожахметова немесе Liili – жас қазақстандық поп-орындаушы. 11 сәуірде әншінің «11:11» атты тұңғыш толыққанды альбомы жарық көрді. Оған Liili-дің өзгеруін, бостандығын, жаңалықтарын және тұлғалық дамуын бейнелейтін 11 түрлі жанрдағы трек енген. Альбомның ішінен анаға арналған қазақ тіліндегі композицияны да, ағылшын тіліндегі синглді де, тіпті танымал L’One рэперімен бірлескен туындыны да табуға болады. «Бұл альбом арқылы мен өзім туралы айтып қана қоймай, тыңдармандарыммен достық қарым-қатынас орнатқым келді. Оларды қорқыныштан, комплекстерден және тықпаланған пікірлерден арылып, еркін болуға шабыттандырғым келді. Әрқайсымызда жарық бар екенін, оның жарқырауына жол беру керектігін, ең бастысы, өзгеруден қорықпай, өз-өзіңді іздеу керектігін еске салғым келді. Өйткені 11:11 – өзгерістердің уақыты!» – деп бөлісті Liili.
Біз Liili-мен Алматының бұлыңғыр болса да гүлдеп тұрған көшелерімен серуендеп, оның кішкентай сырлары – сүйікті хош иісі, жанға жайлы фильмі, соңғы жазылған жазбасы, тастап кеткен хоббиі, қорқатын Таро картасы және басқа да құпиялары туралы білдік.