Бірі армян болса да, рухымызға жақын. Блогерлер Джанет Наток, Лиза Ауман мен Риза Тағанова Tatler-ге өздерінің той естеліктерін бөлісті
Той – шығыны көп, бірақ есте қаларлық оқиға. «Өмірмізде бір-ақ рет», – деп әндеткен Розенбаум кезінде. Той маусымы келіп жеткені сол-ақ еді, сүйікті блогерлеріміздің тойлары жайлы әңгіме өрбіттік. Лиза Ауман, Риза Тағанова және Джанет Наток өз хикаяларын ортаға салды.
Лиза – әртүрлі мәдениет тоғысқан отбасының келіні. Блог парақшасында күйеуінің ұлтымен байланысты қызықты жайттарды бөлісіп, күлкілі видеолар түсіреді. Риза – кәсіби балерина. Өмірін хип-хоп әншімен байланыстырған ол жақында Зейне есімді қызды дүниеге әкелді. Риза би өнері мен лайфстайл контентін кезектестіріп отырады. Джанет «Джонни детка» деген лақап атпен танымал. Оның YouTube-те шетел жұлдыздарының өмірінен сыр шертетін жобасы бар. Олардың әрқайсысы осы маңызды күннің ерекше сәттері туралы толғанып айтып берді.
Джонни
Влог жүргізгенім жақсы болды, кейбір сәттерді сол жерден көруге болады, өйткені уақыт өте келе көп нәрсе ұмытылады. Бірақ влогта да қиындықтар болды: тойдың жартысын баяу режимде түсіріппін. Қатты ренжідім, дегенмен осылай болғаны дұрыс та шығар.
Біз тойды Арменияның көркем жері Vanardi жүзімдігінде жасадық. Ол Ереваннан 30 минуттық жерде орналасқан. Біз үшін Арменияның басты тауы Арараттың көз алдымызда болуы маңызды болды және бұл жерді тапқан кезде сұлулықты сүйгіш жаным қуаныштан ән сала бастады. Тойды ұйымдастырудан бұрын қандай стильде болатыны туралы ұзақ ойландық. Нәтижесінде той Pinterest-тегі суреттерге ұқсас болып шықты.