Ескі мен жақсының орнын жаңа, кейде тіпті «қатыгез» дүниелер басады
Tatler Kazakhstan журналының жаңа санында біз 2025 жылға арналған интерьер трендтерін талдадық. Олардың ішінде уақытты, күш пен ресурсты талап ететін фитодизайн да, сәннен шыққан монохром да бар.
OUT
Монохром
Үйіңіздегі «сұрдың 50 реңкі» дәуірі аяқталды. Шаңның, күлдің, дала тышқаны мен бозғылт көгершіннің түстері – көзге аса байқалмай тұрса да, әбден мезі етті. Қазақстандағы сәнді пәтерлердің басым көпшілігі қазір бұлтты аспаннан да сұрғылт болғанымен, бұл бұлттар ақыры сейіле бастады. Бозғылт сұрмен ғана емес, аппақ түспен де қош айтысатын кез келді. Шын мәнінде ақ түсті интерьерлер өз өзектілігін жоғалта бастағанына біраз болды.

