TikTok Kazakhstan-ның жаңа бастамасы контент жасаушылардың кәсіби шеберлігін арттыруды көздейді
TikTok-тың қазақстандық бөлімшесі кино саласын дамытуға арналған «Не тамашалаймыз» жобасын іске қосты. Жоба отандық және шетелдік киноны дәріптеуді мақсат етеді. Енді #нетамашалаймыз хэштегі арқылы киносүйер қауым фильмдерге шолу, жаңа туындылар туралы ақпарат, кинодан үзінділер мен танымдық видеолар сияқты көптеген қызықты контентті көре алады.
Жобаның бет-бейнесі – TikTok Қазақстан амбассадоры әрі еліміздегі кино туралы ең танымал арналардың бірі Clover.street. Бұл арнаның командасы киноға шолу, эссе немесе рецензия жазу секілді тақырыптарда сапалы видеолар жасаудың қыр-сырын бөліседі. Сонымен қатар жоба аясында үздік видеоға арналған байқау да жарияланды. Байқау 30 маусымға дейін жалғасады, ал оның толық шарттарымен арнайы сілтеме арқылы танысуға болады.