IMAGE Зои Салдана | Cartier

Зои Салдана Cartier зергерлік үйіне ресми түрде қосылды

Актриса Зои Салдана мен Cartier арасындағы бірнеше жылға созылған серіктестік енді ресми сипат алды. Биылғы «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде актриса 10 караттық Замбия изумруды бар Panthères Versatiles әшекейін таққан болатын. Бұл – Nature Sauvage топтамасындағы құбылмалы зергерлік шедевр. Ал «Golden Globe» салтанатында Салдана сары гауһар тасты Melis әшекейлер жиынтығын таңдады. Осы екі маңызды кеште де актрисаның сахнадағы образын париждік зергерлік үйдің туындылары толықтырып тұрды.

«Мен тағуға болатын керемет өнер туындыларын жасайтын бұл зергерлік үйдің озық шеберлігіне бұрыннан тәнтімін. Осы ерекше қарым-қатынастың жалғасатынын асыға күтемін», – деп бөлісті Зои Салдана Cartier брендімен серіктестігі туралы.