IMAGE Фотосуретші: Lucas Hemingway | Unsplash

Абу-Дабидің басты артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы: тамағы, қонақүйлері, көрікті жерлері, табиғаты және тағы басқасы

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғана Абу-Дабидің орнында шағын балықшылар ауылы болғанын елестету қиын. Қазір бұл көпұлтты мегаполис – әлемдегі ең жылдам дамып жатқан туристік бағыттардың бірі. 2024 жылы Абу-Дабидің Мәдениет және туризм департаменті (DCT Abu Dhabi) 2030 жылға дейінгі туризмді дамытудың ауқымды стратегиясын іске асыра бастады. Оның мақсаты – жыл сайын 39,3 миллион турист қабылдап, туризм саласында 178 мың жаңа жұмыс орнын ашу. Оң нәтижесі көп күттірген жоқ: әмірліктің түкпір-түкпірінде инновациялық мұражайлар, заманауи ойын-сауық саябақтары, әлемдік деңгейдегі қонақүйлер мен мәдени кеңістіктер ашылуда. Абу-Даби әлемнің жетекші туристік орталықтарының біріне айналып келеді. Төменде біз Абу-Дабиге не үшін бару керектігі туралы өз әсерлерімізбен бөлісеміз.

Сапардың қолжетімдігі

Әңгімені Абу-Дабиге сапардың өте қолжетімді екенінен бастайық. Себебі қазақстандықтар үшін БАӘ-ге кіруге виза қажет емес, ал бір жаққа алатын билеттің бағасы 100 АҚШ долларынан аспайды. Тілдік кедергі де мәселе болмайды. Қарапайым ағылшын тілін білсеңіз жеткілікті, оны бұл жерде базардағы сатушыларға дейін түсінеді.

Араб қонақжайлылығы

Абу-Дабиде дәстүрді ерекше бағалап, қонақтарға зор құрмет көрсетеді. Көптеген мекеменің табалдырығын аттағанда, сізге Әмірліктер мәдениетінде маңызды рөл атқаратын құрма қосылған хош иісті арабиялық кофе ұсынады. Бұл көшпелі араб халықтары мен бәдәуилердің салт-дәстүрінен бастау алатын ежелгі қонақжайлылық рәсімінің бір бөлігі.

Уақытты қызықты өткізу

Біз бұған дейін Абу-Дабидің заманауи өнер мен сәулеттің орталығы екенін айтқанбыз. Саадият мәдени ауданында әлемдік деңгейдегі мұражайлар, галереялар және басқа да кеңістіктер белсенді түрде ашылуда. Олар – Лувр Абу-Даби, teamLab Phenoma, жақын арада ашылуға дайындалып жатқан Гуггенхайм мұражайы және Зайда Ұлттық музейі. Ал ойын-сауық саябақтары, аттракциондар мен үлкен шопинг үшін Яс аралына барған жөн. Мұнда Ferrari World Yas Island және Warner Bros. World™ Abu Dhabi тақырыптық саябақтары, Yas Waterworld аквапаркі, SeaWorld Yas Island океанариумы, Yas Marina Circuit жарыс трассасы және Абу-Дабидегі ең ірі Yas Mall сауда орталығы орналасқан.

 

Tatler Asia
IMAGE Ferrari World Yas Island | ferrariworldabudhabi.com

Абу-Дабидегі қонақ үйлер

Абу-Дабидегі үш жұлдызды қонақүйлердің өзі басқа елдердегі бес жұлдызды отельдерден кем түспейді. Әрине, мұнда жоғары деңгейдегі жайлылық та ұмытылмаған. Мысалы, Әл-Мариян аралындағы Four Seasons жұптарға және жалғыз саяхаттайтындарға өте ыңғайлы. Бизнес-отельдің бөлмелерінен Парсы шығанағының панорамалық көрінісі ашылады, ал лоббиден лифт арқылы премиум-кластағы The Galleria сауда орталығына бірден түсе аласыз. Балалармен отбасылық демалыс үшін Яс-Бей жағалауында орналасқан Hilton қонақүйі таптырмас таңдау. Аралдың барлық негізгі көрікті жерлері қонақүйден бірнеше минуттық жерде ғана. Оларға арал ішінде күні бойы жүретін Yas Express тегін шаттлдарымен оңай жетуге болады.

Tatler Asia
IMAGE Four Seasons Abu Dhabi
Tatler Asia
IMAGE Hilton Abu Dhabi

Тағам

Абу-Даби – көпұлтты қала, сондықтан мұнда түрлі халықтардың асханасын ұсынатын мекемелер өте көп. Butcher & Still стейк-хаусына бас сұғып, олардың анчоус қосылған «Цезарь» салаты мен «Нью-Йорк» чизкейкін көруге кеңес береміз. Лувр маңындағы француздық Fouquet’s брассериясында сарымсақ майына пісірілген теңіз алабұғасының филесінен дәм татыңыз. Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі тағамдарын ұсынатын Mika мейрамханасында спанакопитаға тапсырыс беріңіз. Ливандық Em Sherif кафесінде – фаттуш пен балмұздақ қосылған кнафе, ал Яс-Бей жағалауындағы итальяндық Paradiso мейрамханасында көкжидек қосылған ванильді панна-коттаны жеп көріңіз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @butcherandstill
Tatler Asia
IMAGE Instagram @paradisoabudhabi

Дәстүрлі араб тағамдары үшін Al Fanar мейрамханасына барған жөн. Міндетті түрде қой еті қосылған бирьяни мен дәстүрлі эмираттық десерттерді алыңыз. Олардың ішінде хабиса (қуырылған ұн мен сірнеден жасалған тәтті) мен лукаймат (құрма шәрбатына батырылған алтын түстес қамыр шарлары) бар.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @alfanarrestaurant
Tatler Asia
IMAGE Instagram @alfanarrestaurant

Абу-Дабидің табиғаты

Әмірліктер тек шөл даладан тұрады десеңіз, қателесесіз. Абу-Дабиден бір сағаттық жерде жасыл желекке оранған Әл-Айн қала-бағы орналасқан. Оның айналасында құрма плантациялары жайқалып тұр. Ең әсерлісі – ауданы 1200 гектар болатын Әл-Айн оазисі. Мұнда 147 мыңнан астам құрма пальмасы өседі. Оның аумағында интерактивті мұражай жұмыс істейді. Ол жерде бұл ағаштардың Әмірліктер тарихы мен мәдениеті үшін неліктен маңызды екенін білуге болады. Екінші бір маңызды орын – төрт мыңнан астам жануар мекендейтін Әл-Айн хайуанаттар бағы. Мұнда сафариге шығып, мүйізтұмсық, арыстан, зебра, антилопа, керік және басқа да саванна тұрғындарын жақыннан көре аласыз.

Tatler Asia
IMAGE Аль-Айн оазисі
Tatler Asia

Абу-Дабидің мәдени мұрасы

Әмірліктер қарқынды дамып, барлық жерде инновациялық кешендер мен сәулет өнерінің жауһарлары бой көтергеніне қарамастан, БАӘ өз тамырын ұмытпайды. Мысалы, Каср әл-Хосн және Каср әл-Мувайджи қамалдарын алайық. Біріншісі – бұрынғы кеңес ғимараты, қаланың ең көне құрылыстарының бірі. Ол 1790 жылдары салынған. Екіншісі – Әл-Айндағы қамал. Мұнда БАӘ-нің негізін қалаушы шейх Зайд ибн Сұлтан Әл Нахаян өмір сүріп, еңбек еткен. Бүгінде бұл екі кешен де барлық келушілер үшін ашық мұражайға айналған.

Tatler Asia
IMAGE Qasr Al Hosn
Tatler Asia
IMAGE Qasr Al Muwaiji

Темы