Достарымыз Париждің қай жерінен ащы бал қосылған нью-йоркше пиццаны, скандинавша таңғы асты және шарап қосылған балмұздақты табуға болатынын айтып берді
Париж – махаббат пен жоғары тағамдар астанасы. Мұнда тоғыз мыңнан астам мейрамхана бар, оның 123-і «Мишлен» жұлдызын иеленген. Тюильри, Люксембург және Бют-Шомон бақтарында серуендеп, Эйфель мұнарасының жанында тамаша суреттерге түскен соң, жай ғана тамақ емес, нағыз гастрономиялық шытырман оқиғаны бастан кешуге де кезек келіп жетеді. Парижде төрт жылдан бері тұратын Айша Сейсенбаева мен Әділ Әлімбетов есімді жұп бізге қаладағы ең қызықты орындарды тізіп берді.
Early June
Бұл – Париждің өзіндік ерекшелігі бар мейрамханасы. Мұнда тұрақты бас аспаздың орнына шақырылған аспаздар жиі ауысып тұрады, бұл мәзірді әрқашан жаңа әрі әртүрлі етеді. Мейрамхана Сен-Мартен каналының жанында орналасқандықтан, кешкі астан кейін су бойын серуендеп, кешкі атмосферасын тамашалауға болады.
RORI
Бұл пиццерияда үлкен нью-йоркше пицца тілімдері ұсынылады. Оған картоп немесе ащы бал қосылған пепперони сияқты ерекше қоспалар да салынады. Интерьері 1970 жылдардағы ретро стильде жасалған, жанды атмосфера мен табиғи шараптардың тамаша таңдауы бар.