IMAGE Belmond

Belmond компаниясы Britannic Explorer атты алғашқы сәнді, жатын орны бар пойызын таныстырды. Пойыз алғашқы сапарына 21 шілдеде Лондоннан Уэльске аттанады

Үш түнге созылатын бұл ерекше саяхат Корнуолл, Көлді өлке (Lake District) және Уэльс аймақтарын қамтиды. Маршрут британдық саяхаттау дәстүрі мен «slow travel» (асықпас саяхат) өнеріне құрмет ретінде жасалған. Саяхат барысында қонақтар Корнуолл жағалауында теңізде серуендеп, йогамен айналысып, Көлді өлкедегі табиғи су айдындарына шомыла алады; сондай-ақ Уэльстегі лаванда алқаптарын тамашалап, ағашпен жағылатын моншаның буында бой жаза алады.

Пойыз интерьерін лондондық Albion Nord студиясы әзірлеген. Пойыз 18 купеден тұрады: оның үшеуі – Grand Suite, ал он бесі – Suite түріне жатады. Сонымен қатар, пойызда СПА-салон мен медитацияға арналған арнайы аймақ қарастырылған.

Britannic Explorer мейрамханасының мәзірін Michelin-нің сегіз жұлдызын иеленген және Британиядағы «farm-to-fork» (фермадан дастарханға) қозғалысының көшбасшысы Саймон Роган әзірлеген. Әр бағыттың ас мәзірі сол аймақтың ерекшелігін көрсетеді: Корнуоллда теңіз өнімдеріне басымдық берілсе, Уэльс пен Көлді өлкеде жергілікті деликатестер ұсынылады.

Мұндай саяхаттың құны 11 000 фунт стерлингтен басталады.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Belmond
Фото 2 из 3 Belmond
Фото 3 из 3 Belmond