IMAGE Убуд, Бали | Getty Images

New

 

Спешите?

Читайте ИИ-сводку

Попробовать сейчас

Tatler редакциясы Чангу, Семиньяк, Убуд, Нуса Лембонган және Улуватудағы ең қызықты жерлерді жинақтады

Tatler Kazakhstan digital продюсері Айгерім Таңатар мен заңгер Мария Уды бірнеше жыл бойы Индонезияны аралап, серферлер мен фрилансерлердің сүйікті мекеніне айналған Бали туралы толыққанды гид дайындады. Бұл жолкөрсеткішке тек уақыт сынынан өткен мейрамханалар, барлар, кофеханалар, дүкендер мен базарлар енді. Олар сондай-ақ пайдалы кеңестері мен лайфхактарын да жаза кетті. Мысалы, «Балиде қандай қосымшаларды міндетті түрде орнату керек?», «Өзіңізбен бірге ала баратын дәрі-дәрмектер қайсы?», «Жақсы массаж салондарын қалай табуға болады?» деген сұрақтарға жауап берді.

Чангу мен Семиньяк

Мейрамханалар мен барлар

WOODS PERERENAN

Кешкі асқа бара қалсаңыз, шаммен безендірілген интерьер ерекше жайлы атмосфера сыйлайтыны сөзсіз. Міндетті түрде трюфель мен пармезан қосылған полента-фриден, жаңа устрицалардан және конфиден жасалған үйректен дәм татып көріңіз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @woodsbali
Tatler Asia

Noka Design Studio and Cafe

Бұл жерде таңғы асты күні бойы ішуге болады. Біз қайнатылған жұмыртқа, сары май жағылған қытырлақ тост, қуырылған халуми мен томат сальсасы қосылған жаңа руккола салатынан тұратын таңғы асты ерекше ұнаттық. Сондай-ақ мұнда жергілікті дизайнерлік өнімдер мен өздері жасайтын шамдар сататын шағын дүкен де бар.

Tatler Asia

BGS Bali Canggu – Coffee Bar & Surf Shop

Керемет кофесі мен жайлы атмосферасымен танымал орын. Мұнда жұмыс істейтін команда өте ашық әрі сондай қонақжай. Кофехананың айналасында өзінің бір қауым жұрты бар. BGS-тің әр нүктесінде өзіне тән ерекше аура сезіледі. Тіскебасардан смузи-боулды міндетті түрде байқап көріңіз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @bgsbali
Tatler Asia

Penny Lane
Достармен кешкі демалыс үшін мінсіз орын. Мұнда ерекше коктейльдерден дәм татып, краннан құйылған жергілікті сыраны ішуге болады. Интерьеріне хип-хоп орындаушылары бейнеленген витраждар мен фрескалар сән қосып тұр. Бізге Island Brewing сырасы ерекше ұнады.

Tatler Asia
IMAGE Фото жеке мұрағаттан
Tatler Asia
IMAGE Instagram @pennylanebali

Орындар

Edelweis Spa Canggu

Шаршағаныңызды басып, сарайыңызды ашып, бой сергіткіңіз келсе, дәстүрлі балилік массажға барыңыз. Edelweis Spa – осы маңдағы үздік салондардың бірі. Ескертейік, бірден 90 минуттық сеансқа жазылған жөн.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @edelweiss_massage_and_spa
Tatler Asia

LES. BASICS

Жергілікті өндірістен шыққан сапалы және стильді деним бұйымдарын осы жерден табуға болады. Мұнда сәнді джинс шолақ шалбар, сөмке мен топтарды қолжетімді бағада табуға болады. Коллекциялары шағын, бірақ бәрі талғаммен тігілген. Біз өзіміз джинс пен шолақ шалбар сатып алып, күнде киіп, тоздырып жүрміз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @les.basics
Tatler Asia

Puppy Yoga Bali

Puppy Yoga сабақтары қатысушыларға қуаныш сыйлап қана қоймай, күшіктердің адамға үйренуіне де көмектеседі. Осылайша олар жаңа отбасын тез таба алады. Бірақ алдын ала жазылу қажет, себебі орын саны шектеулі. Сабақ өтетін кеңістік тыныш әрі жайлы, ал күшіктер сондай сүйкімді. Гигиена мәселесіне алаңдамаңыз, өйткені жаттығу кезінде тазалық бірінші орында. 

Tatler Asia

Убуд

Мейрамханалар мен барлар

KAWI Bar

Талғаммен жасалған коктейльдер картасы мен жоғары деңгейде қызмет көрсететін стильді speakeasy-бар. Балидегі сәнқой жастар дәл осы атмосфера мен мінсіз сусындар үшін жиі келеді. Білікті бармендер көңіл күйіңізге сай коктейль дайындап береді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @kawiubud
Tatler Asia

Suka Espresso [Ubud]

Аты аңызға айналған кофехана. Убудта екі түрлі локация бар. Жылдар бойы дәмді тағам мен жоғары деңгейлі кофемен ерекшеленіп келеді. Қонақтарды шынайы балилік қонақжайлықпен қарсы алады. Түскі асқа қуырылған күріш пен доңыз етінен жасалған бургерді жиі таңдайды.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @sukaespresso
Tatler Asia

Sun Sun Warung

Аутентикалық төл асхана. Mie goreng (қуырылған лапша), nasi goreng (қуырылған күріш) және жержаңғақ соусы қосылған тауық кәуабынан дәм татып көріңіз. Үйге кәдесый ретінде өз соустарын алып кетуге болады. Нағыз Бали дәмін есіңізге салып тұрады. 

Tatler Asia
IMAGE Instagram @sunsunwarung
Tatler Asia

The Melting Pot Saloon

Балидегі атмосферасы ерекше бар. Мұнда бильярд, аэрохоккей, баскетболды автоматта ойнап, спорт ойындарының трансляциясын тамашалап, сыраның алуан түрі ұсынылады. Ең ерекше жері – балға лақтыру алаңы. Интерьер әлем елдерінің туларына толы және қонақтар сол туларға өз қолтаңбасын қалдыра алады. Біз де сөйттік. Барда, айтпақшы, қай уақытта да алдыңыздан шығып, қарсы алатын Луна есімді сүп-сүйкімді ит қарсы алады.

Tatler Asia

Орындар

Sangeh Monkey Forest

Сангехтегі қасиетті маймылдар орманы – тыныштық пен үйлесімділікті қалайтындар үшін таптырмас мекен. Убудтағы маймылдар орманымен салыстырғанда, мұндағы маймылдар анағұрлым сабырлы әрі туристерге кедергі келтірмейді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @sangehmonkeyforest
Tatler Asia

Күміс әшекейлер жасау шеберханалары

Ерекше бірнәрсе жасағыңыз келе ме? Убудтағы күміс әшекейлер жасауға арналған шеберлік сабағына барыңыз. Бұл – зергерлік өнердің қыр-сырымен танысып, Бали аралынан өз қолыңызбен жасаған қайталанбас кәдесый алып кетудің тамаша мүмкіндігі.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @alasarum.silver
Tatler Asia

Ағаш өңдеу шеберлері

Убуд – ағашпен жұмыс істейтін хас шеберге толы мекен. Олардың дүкендерінен әдемі ағаш ыдыс-аяқтар мен үйге арналған сәнді декор таба аласыз. Айтпақшы, дәл осы жерде жергілікті тұрғындар мен бизнес иелері де жиі сауда жасайды.

Дүкендер

Bali Buda Ubud

Bali Buda дүкендерін аралдың әр ауданынан табуға болады, бірақ ең үлкен әрі көңілге қонымдысы Убудта орналасқан. Мұнда тауықтың жон етінен жасалған чипс, жаңғақ пасталары, табиғи кремдер мен шыны бөтелкедегі кокос суы үшін соға кеткен жөн.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @balibuda
Tatler Asia

Ubud Raw Chocolate & Cacao (Downtown Ubud)

Балидің органикалық какао бұршақтарынан жасалған шоколад өнімдеріне арналған дүкен. Қантсыз ыстық шоколадты ішіп көріңіз, ал шоколад кесектерін жақындарыңызға кәдесый ретінде алыңыз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @ubudraw
Tatler Asia

Нуса Лембонган

Мейрамханалар мен барлар

JUNGLE BAKERY French Bakery

Шағын болса да, нанының дәмі таңдайыңыздан кетпейтін танымал орын. Таңғы асқа май мен тосап қосылған нан себетін алыңыз деп ұсынар едік. Ас атасын пештен жаңа шыққан күйінде әкеліп береді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @junglebakerylembongan
Tatler Asia

Bonzer Beach Cafe

Нуса Лембонган аралындағы ең әдемі жағажайлардың біріне тікелей шығатын ерекше кафе. Мұнда жеке шезлонгтардан-ақ тапсырыс беруге болады. Қуырылған батат, тауық стрипстері, смузи мен кофесін міндетті түрде байқап көріңіз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @bonzerbeachcafelembongan
Tatler Asia

The Deck Cafe & Bar

Нуса Лембонган жағажайына керемет көрініс ашылатын тағы бір кафе. Аралдағы ең жақсы мекендердің бірі. Мұнда ағзаңызға пайдалы боул, жеңіл тіскебасарлар мен сергітетін кокос ішімдіктері үшін келуге болады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @thedecklembongan
Tatler Asia

Орындар

Mahagiri Resort Nusa Lembongan

Жайлы және сүйкімді шағын бөлмелері бар қонақ үй. Арал инфрақұрылымы толық дамымаса да, бұл жердің жайлылығы  жүрек жылытады. Кейбір виллаларға қарағанда түнде де тыныш.

Captain Coconut Snorkeling

Нуса Лембонгандағы ең үздік снорклинг турларының бірі. Қауіпсіздігіңізге мұқият қарайтын, сыпайы әрі қамқор гидтер манталармен және теңіз тасбақаларымен жүзуге көмектеседі.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @capt_coconut
Tatler Asia

Gaya Island Souvenir

Жергілікті шеберлер жасаған сыйлықтар мен бұйымдарға толы атмосферасы ерекше дүкен. Мұнда қолмен тігілген сөмке, аяқ киім, ағаш және мата бұйымдарын таба аласыз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @gaya.island
Tatler Asia

Улувату

Мейрамханалар мен барлар

Кутадағы балық базары

Неше түрлі балық, асшаян, таңқы шаян, омар, лобстер сынды теңіз өнімдерін сатып алуға таптырмас орын. Баға бойынша да саудаласуға болады. Жанындағы варунгта сатып алған өнімді лезде қуырып-пісіріп береді. Таңертең ертерек келген дұрыс.

Lola’s Cantina Mexicana

Улуватудағы мексикалық мейрамхананың кезекті нүктесі. Барлығы дәмді. Стейк қосылған буррито мен аралдағы ең үздік классикалық «Маргарита» коктейлін міндетті түрде осы жерден байқап көріңіз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @lolasbali
Tatler Asia

La Baracca

Үш жерде орналасқан итальян мейрамханасы, бірақ Улуватудағысы ерекше. Буррата қосылған пиццасы Италиядағыдан да дәмдірек. Қасына чили майын сұрауды ұмытпаңыз. Кешкі асқа орынды алдын ала брондаңыз.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @labaraccabali
Tatler Asia

Il Salotto

La Baracca мейрамханасының қасында орналасқан би алаңы мен бар. Мұнда балилік раушан шарабының дәмін татуға болады. Улуватуда таңға дейін отыруға болатын санаулы орындардың бірі.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @ilsalotto.bali
Tatler Asia

Artisan

Улуватудағы ең дәмді таңғы асты осы жерден табасыз. BIG Ulus таңғы асына: қайнатылған жұмыртқа, ысталған ветчина, эмменталь ірімшігі, лабне йогурты, үй маринадтары, балғын салат, ашытқы қосып дайындалған наннан тост, француз майы, бал ұяшықтары мен жеміс тосабы кіреді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @artisan.bali
Tatler Asia

Sandara Gelato

Италиялық балмұздақтың вегандық және дәстүрлі сүттен жасалған нұсқаларын ұсынатын шағын кафе. Кокос пен манго дәмін ерекше жақсы көріп қалдық.

Single Fin

Күн батар сәтті қарсы алуға арналған ең жақсы бар. Кешкі үш-төртке таман бос орын табу қиын, себебі бәрі осында келіп, көркем көріністі қызықтағысы келеді. Бұл бар серферлік стилімен де танымал.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @singlefinbali
Tatler Asia

ULUWATU STREET PIZZA

Бұл пиццерияда топпингінің түр-түрі бар: шырынды бұрыш, алмұрт, хош иісті ветчина, жаңа буррата, анчоус және тағы басқалар қосылғанда дәмі тіл үйіретін өнер туындысы пайда болады. Тез әрі дәмді тамақтануға арналған шағын орын демесеңіз, көңілге сондай жағымды жер. Оған қоса салқын пильзнер ішіп, демалысты ерекше ете түсуге болады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @uluwatustreetpizza
Tatler Asia

Орындар

Melasti Beach

Улувату ауданындағы ең таза әрі қауіпсіз жағажай. Мұнда жағажай клубында демалып, шезлонг жалдап, кокос суын ішуге болады.

Tatler Asia
IMAGE Меласти жағажайы | Splash
Tatler Asia

Uma Beach House

Melasti жағажайына тікелей шығатын таза әрі жайлы жағажай клубы. Мұхит жағасында күні бойы уайымсыз демалуға арналған тамаша орын.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @umabeach.house
Tatler Asia

The Istana

Денсаулыққа арналған кешен: хаммам, фин саунасы, инфрақызыл бу, йога, медитация бөлмелері, мейрамхана, мұхит көрінетін бассейн мен люкс отель – бәрі бір жерде. Десек те, бу процедурасына алдын ала жазылған дұрыс.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @the_istana
Tatler Asia

Дүкендер

Bandidas Records

Керемет винилдер жиналған дүкен. Музыкаға құмар дүкен қожайындары дәмді кофе дайындап береді. 

Tatler Asia
IMAGE Instagram @bandidasrecords
Tatler Asia

Drifter cafe & shop

Мұнда серфингіге қатысты заттар мен киім сатылады. Ішінде өмір сүретін қызғылт сары мысық та бар. Ол демалып жатқанды жақсы көреді, бірақ қонақтардың мазалағанын онша ұнатпайды.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @driftersurfshop
Tatler Asia

Pasar Ampera

Жергілікті жеміс-жидек пен көкөністерге толы базар. Бағасы қолжетімді. Қолма-қол ақша ала барыңыз, себебі картамен төлей алмайсыз.

Бали үшін пайдалы кеңестер:

  • Базардан папайя сатып алып, 2–3 лайм қосыңыз. Жемісті кесіп, үстінен лайм шырынын сығып жіберсеңіз, дәмі әлдеқайда тәтті болады.
  • Міндетті түрде лайм қосылған жаңа кокос суын ішіңіз.
  • Аралға келген алғашқы күні-ақ масаға қарсы жақсы құрал сатып алыңыз. Оны кез келген дәріханадан таба аласыз.
  • Өздеріңізбен бірге түрлі сорбенттерді алған жөн. Балиде әдетте астан улану жағдайы көп болады (Bali Belly), сол кезде қажет болады.
  • Суды краннан ішпеңіз және тіпті тісті де сол сумен жуып жүрмеңіз, өйткені мұнда су лас. Массажға барғыңыз келсе, Google картасындағы пікірлерге назар аударыңыз! Қолма-қол ақша әрдайым жаныңызда болсын. Базарлар мен жергілікті варунгтарда карта қабылданбайды.
  • Жергілікті жержаңғақ пастасынан дәм татып көруді ұмытпаңыз! Табиғи әрі дәмді, ешқандай қоспасыз дайындалады.
  • Grab пен Gojek — Балидегі ең басты қосымшалар. Такси шақыру, байк немесе көлік жалдау, азық-түлікке, тамаққа тапсырыс беру – бәрін осы екеуі арқылы жүзеге асырасыз. 
  • Күнде кешкісін күннің батуын тамашалауды ұмытпаңыз! 🌅

Темы