2025 жылғы жаздың жаңа трендтері: цифрлық детокс және Марта Стюарт феномені
Шабыт іздеуге арналған Pinterest платформасы жыл сайынғы маусымдық трендтер туралы есебін жариялады. 2025 жылдың жазында Z буыны табиғатпен эстетикалық тұрғыда қайта қауышуды қалайтын сыңайлы. Цифрлық детокстың идеяларына қатысты сұраныстар 72%-ға, ал цифрлық детокс тақырыбындағы әдеттегі «шабыт тақталарының» (vision boards) саны 273%-ға артқан.
Басты назарда – шоу-бизнес тарихындағы үй жайлылығы, бағбандық және қолөнер эстетикасының басты насихатшысы Марта Стюарт. Америкада оны үй ісінің нағыз ханшайымы деп атайтыны бар. Марта Стюартқа еліктеген көпшілік гүлзарларды дәл солай жасап, өз бақшаларында өсірілген ингредиенттермен жаңа жазғы рецептілерді қолданып көруге құмар.
«2025 жылдың жазы эксперименттер мен 2015 жылғы трендтерге деген ностальгия кезеңі болады», – деп мәлімдейді Pinterest. Кітап ретриттері, табиғи ванналар және cottage core стиліндегі жайлы интерьерлер танымалдыққа ие болып келеді. Табиғи текстуралар, жер түстес реңктер, винтажды жиһаз – осы маусымда біз әжеміздің ауылындағы алаңсыз жаз атмосферасына қайта оралатын сияқтымыз.