Cartier брендінің бастамасымен бой көтерген жаңа Әйелдер павильоны Expo 2025 көрмесінде теңдіктің жарқын символына айналды
21 мамырда Expo 2025 аясында жаңа Әйелдер павильонының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл бастама алғаш рет Cartier тарабынан Дубайдағы Expo 2020 көрмесінде таныстырылған болатын.
Павильонның жобасын танымал сәулетші Юко Нагаяма жасаған. Ғимараттың бірегей қасбеті дәстүрлі жапондық кумико безендіру техникасынан шабыт алған. Expo 2025 аяқталған соң, бұл павильон Иокогама портындағы Green Expo 2027 сахнасын безендіретін болады.
«Әйелдер табысты болғанда, бүкіл адамзат гүлденеді» – осы ұран Cartier мен Expo ынтымақтастығының басты қағидасы. Павильон ішінде британдық әйел суретші Эс Девлиннің әсерлі көрмесі, тұрақты интерактивті шаралар және де тағылымды сұхбаттары өткізілетін болады. Бұл павильон әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға және олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

