IMAGE Splash

«Кис-Кис, найдись!» жобасы еліміздегі тұңғыш ресми жануарларды қорғау ұйымы KARE-нің қолдауымен жүзеге асырылады

Қазақстанда ай сайын мыңдаған үй мысықтары жоғалады. Волонтерлік ұйымдардың мәліметінше, 2024 жылы елде жоғалған үй жануарлары туралы 60 мыңнан астам хабарландыру жарияланып, оның 60 пайыздан астамы мысықтарға қатысты болған.

Жоба авторлары – Ogency креативті агенттігі мен JAMAgency коммуникациялық агенттігі бұл инновацияның жоғалған мысықтарды іздеу процесін түбегейлі өзгертіп, кең ауқымды іздеуге мүмкіндік беретінін атап өтеді. Ол – Telegram-бот және қаланың әртүрлі жерлеріндегі цифрлық экрандар арқылы жоғалған мысықтарды автоматты түрде, геотаргетингімен іздеуге бағытталған жүйе.

Қызмет қалай жұмыс істейді:

  • иесі жоғалған мысықтың фотосуреті мен сипаттамасын @GdeKotBot Telegram-ботына жібереді;
  • жүйе мысық жоғалған жерді көрсете отырып, автоматты түрде хабарлайды;
  • хабарландыру мысық жоғалған аудандағы қалалық цифрлық экрандарда жарияланады;
  • бұл ақпарат бір мезгілде жақын маңдағы барлық қолданушылар үшін ашық картада қолжетімді болады;
  • еріктілерге бірден хабар беріледі.