Канье Уэст, Kaytranada және The Weeknd сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген қазақстандық Madnomad командасы жаңа айдарымыздың алғашқы қонағы

Біз YouTube-арнамызда «Наши на экспорт» атты жаңа айдарды іске қосудамыз. Онда біз әлемдік брендтермен және атақты тұлғалармен ауқымды жобалар жасап жүрген талантты отандастарымызбен сұхбаттасатын боламыз.

Алғашқы шығарылымның кейіпкерлері – VFX-дизайн, түс коррекциясы және монтажбен айналысатын Madnomad Collective атты жас команда. Олардың портфолиосында Nike, Bad Bunny, adidas және The Weeknd үшін жасалған жобалар бар. Сұхбат барысында жігіттер Канье Уэсттің Preacher Man бейнебаянымен жұмыс істеу тарихымен бөлісті. Madnomad командасына өте күрделі міндет жүктелді: бір-ақ аптаның ішінде 50 минуттық материалдың әр кадрын (жалпы саны – 80 мың кадр!) артық элементтерден тазартып, қажетті нысандарды аясынан бөліп алып (ротоскопия), түсін реттеу керек болды.

Хайп Уильямспен түнгі қоңыраулар, ұйқысыз өткен апта және Каньенің күрделі мінезі туралы толығырақ біздің YouTube-арнамыздан тамашалаңыздар.