IMAGE Рим Папасы Франциск пен Мартин Скорсезе | Getty Images

Скорсезенің «Aldeas – Жаңа хикая» атты жобасында Францисктің кино, өмір және үміт жайлы соңғы толғаныстары баяндалады

Әйгілі режиссер Мартин Скорсезе марқұм Рим Папасы Франциск туралы деректі фильмнің продюсері болады. «Aldeas – Жаңа хикая» деп аталатын бұл туынды Индонезия, Гамбия және Италия жастарының фильм түсіруді үйреніп, өздерінің тарихы мен мәдениетімен бөлісулеріне арналған жаһандық бағдарлама жайында болмақ. Сонымен қатар фильмде понтифик пен режиссер арасындағы бұрын жарияланбаған жеке әңгімелер және де Папаның камера алдындағы соңғы сұхбаты көрсетіледі.

Бұл жобаны 2013 жылы Рим Папасы Францисктің өзі құрған Scholas Occurrentes коммерциялық емес ұйымы  бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Өткен айда дүниеден озған Папа бұл жоба туралы: «Aldeas – адамзат өмірінің түп негізіне, қоғамдық байланыстардың сырына, тіпті тіршілік жолының мәніне жететін өте поэзиялық және шынайы жоба», – деп атап өткен болатын.

Фильмнің шығу күні әлі жарияланбағанымен, бұл туындының жай оқиғалар жинағынан асып түсетіні анық.