Lancôme брендінің 90 жылдық мерейтойына орай «Афиша» мейрамханасы арнайы мәзір әзірледі
«Афиша» мейрамханасы айрықша түрленіп, шатырлары мен гүл құмыралары нәзік қызғылт түске оранды. Бұл – Lancôme брендінің 90 жылдық мерейтойына арналған ерекше сән-салтанат. Екі тараптың бірлескен жобасы қазан айына дейін жалғасады. Мейрамхананың жазғы террасасы жаңарып, шектеулі дәмді десерттер мен сусындарды алып кетуге болатын pop-up дүңгіршегі ашылды. Сонымен қатар бас аспаз Руслан Әбдірамановтың заманауи француз асханасынан шабыт алған арнайы мәзірі де көпшілікке ұсынылады. Мұнда сұлулық та, дәмді тағам да, тіпті мәдени талғампаздық та үйлесім тапқан.
Қызығы, биыл Опера және балет театры да тоқсан жылдығын атап өтіп жатыр. Бұл кездейсоқтық па, әлде тағдырдың белгісі ме, кім білсін, әйтеуір бақыттың дәмін татқыңыз келсе, «Афишаға» қош келдіңіз! Айтпақшы, бақытты енді өзіңізбен бірге алып кете аласыз.