Rhode сатылғаннан кейін қандай өзгерістер болатынын баяндаймыз
Хейли Бибер өзінің Rhode брендін e.l.f. Beauty конгломератына 1 миллиард долларға сатты. Бұл соманың 800 миллион доллары қолма-қол ақшамен төленсе, қалған бөлігі болашақ сатылымдарға байланысты болмақ. Компания президенті Лорен Ратнердің атап өткеніндей, Rhode брендінің жетістігінің кілті Хейлидің есімімен тығыз байланысты. Сондықтан да модель брендтің креативті директоры және оның басты тұлғасы болып қала береді.
Бұл жаңалықты Джастин Бибер қалай қабылдады екен. Жұбайы маусым айындағы Vogue журналының мұқабасына шыққанда, ол әйеліне ешқашан сенбегенін мәлімдеген болатын. Алайда кейіннен кешірім сұраған жазба Instagram желісінен өшірілді. Енді Хейлидің дәулеті Джастиннің дәулетінен үш есе асып түсті – әншінің капиталы небәрі 300 миллион долларды құрайды. Басты «clean girl» атанған Хейли үшін қуанып, оның жаңа идеяларын күтеміз. «e.l.f. Beauty-мен серіктестік бренд аудиториясын арттырып, Rhode-тағы инновациялық тәсілдерді кеңейтуге көмектеседі», – деп бөлісті Хейли Бибер болашақ жоспарларын.