IMAGE Instagram @diorbeauty

Rouge Premier далабының қабын жасауға Кристиан Диордың табиғатқа деген сүйіспеншілігі арқау болған

Бұл ерекше далап-алқа – Dior зергерлік бағытының креативті директоры Виктуар де Кастеллан мен Dior Makeup-тың креативті директоры Питер Филипстің бірлескен туындысы.

Бұл желіге кіретін 12 реңктің құрамы гибискус пен жожоба сығындыларымен және 24 караттық алтынның микро-бөлшектерімен байытылған. Далаптың қабы асыл тастардан – турмалин, көгілдір ақық, опал, гауһар, інжу-маржан, қызғылт сапфир және лағылдан жасалған гүл мотивтерімен безендірілген. Ал сыртындағы лак қабаты оған ерекше жылтыр беріп тұрады. Қайта толтыруға болатын бұл футляр сотуар-алқаға ілінеді. Бұл дизайн, бір жағынан, «зергерлік Эдемді» бейнелесе, екінші жағынан, Үйдің атақты зергерлік топтамаларына да сілтеме жасап тұр.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @diorbeauty
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Темы