Қалыңдықтың фатасын түзеп, қошеметке бөленуге ыңғайлы көйлекті қайдан табуға болады?
Той маусымы қызып тұрған шақ, ал бұл – «қыз жолдасқа не киемін?» деген сауалдың да өзекті болатын кезі. Егер осы жазда сізге алғаш рет осындай жауапты рөл бұйырса, біздің бірнеше кеңесімізге құлақ түріңіз. Әрине, басты ереже – қалыңдықтың ақ түсіне «таласпау». Тек аппақ қана емес, сүт түстес немесе крем реңктерінен де бас тартқан жөн, себебі камера жарқылынан ондай көйлектер ақ болып көрініп, ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін. Екінші маңызды жайт – жайлылық. Той тек мейрамханада өтпейтінін ескеріңіз: табиғат аясындағы фотосессия, серуен кезінде қалыңдықтың көйлек етегін ұстап, түрлі сынақтан өтетін де сіз.
Ендеше, құрбыңыздың да көңілінен шығып, өзіңіз де тойдан ләззат алатын көйлекті қайдан табуға болады? Біз әр тойдың ерекшелігіне сай келетін бірнеше сәнді брендке шолу жасадық.
Классикалық салтанат үшін: Maria Lucia Hohan
Салтанатты тойда нағыз ханшайымдай жарқырауды кім армандамайды? Етегі жерге дейін түсетін жылтыр металл реңкті көйлектер жарығы мол залдарда ерекше әсерлі көрінеді. Кез келген түс гаммасындағы ең өзекті нұсқаларды Maria Lucia Hohan брендінен таба аласыз.
