IMAGE UBS House of Craft

Көрме Dior-дың ғасырлық тарихындағы барлық креативті директорлардың шығармашылық мұрасын бір шаңырақ астына жинайды

6-8 маусым аралығында Манхэттенде «UBS House of Craft x Dior» фотокөрмесі есігін ашпақ. Бұл – швейцариялық UBS банкінің қолөнер шеберлігін жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды бастамасы. Экспозицияда Dior-дың жоғары сән (от-кутюр) топтамаларынан алынған мұрағаттық туындылар ұсынылады.

Бұл көрменің әрбір образын Vogue Paris-дің бұрынғы бас редакторы, сән әлемінің танымал тұлғасы Карин Ройтфельд асқан талғаммен таңдап, сәндеген. Сонымен қатар келушілер назарына фотосуретші Брижит Нидермайердің Dior Сән үйінің мұрағаттарынан алынған фотосуреттер топтамасы да ұсынылады.

Айтулы көрмеде Dior тарихындағы жеті бірдей креативті директор – Кристиан Диор, Ив Сен-Лоран, Марк Боан, Джанфранко Ферре, Джон Гальяно, Раф Симонс және Мария Грация Кьюридің бірегей жұмыстары алғаш рет бір жерде тоғыстырылмақ. Сондай-ақ Dior Homme-ның соңғы креативті директоры Ким Джонсқа арналған арнайы құрмет көрсетіліп, оның шығармашылығына тағзым етіледі.

Темы