Жаңа Burberry коллекциясына британдық суретшінің гүлді принті түскен 28 киім-кешек бұйымы кірді

Burberry-дің Ұлы Мәртебелі король III Карл мен Камилла патшайым екеуінің жеке резиденциясы Хайгроув король бағымен бірлесе отырып әзірлеген төртінші коллекциясы жарық көрді. Эксклюзивті капсулаға 28 киім-кешек бұйымы мен аксессуар кірді. Арасынан британдық суретші Хелен Буллоктың гүлді принті түскен күртке, тренч, жейде, қысқа шалбар, бас киім, жібек пижама және орамал сынды бұйымдарды байқауға болады. Жарнамалық кампейн қала сыртындағы үйдің бақшасында, гүлдеген жылыжай мен ағылшынның дәстүрлі өмір салтын айқындайтын жайлы интерьердің алдында түсірілген. Шаттыққа толы отбасылық сәттерден шабыт ала отырып әзірленген түсірілімге актерлер Элизабет Макговерн, Лора Кармайкл, Сопе Дирису және басқа да өнерпаздар қатысты.

Темы