IMAGE Chanel

New

 

Спешите?

Читайте ИИ-сводку

Попробовать сейчас

Олардың бірі Кристен Стюарттың режиссерлік дебюті болды

78-ші Канн кинофестивалінде Chanel қызыл кілемнен ғана емес, титрден де байқалды. Бренд үш бірдей премьераға қолдау көрсетті. Олардың арасында Ричард Линклейтердің стильге толы ретро-одиссеясы, Натали Портман дыбыстаған анимациялық фильм және Кристен Стюарттың режиссерлік дебюті бар.

Nouvelle Vague («Жаңа толқын»)

Ричард Линклейтер

Техастан шыққан тәуелсіз режиссер Ричард Линклейтердің Nouvelle Vague-і Жан-Люк Годардың аты аңызға айналған À bout de souffle атты картинасын түсіру процесін бейнелейді. Франциядағы жаңа толқын қозғалысының негізі қалануы мен америкалық бойжеткен Жан Сиберг – сюжеттің негізгі элементі. Актриса Годар түсірген фильмнің арқасында кино әлемі иконасына және Chanel брендінің тұрақты клиентіне айналған болатын. Костюм жөніндегі шебер Паскалин Шавван брендпен бірлесе отырып, Сибергтің образдарын қайта жаңғыртумен айналысқан екен.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 Chanel
Фото 2 из 5 Chanel
Фото 3 из 5 Chanel
Фото 4 из 5 Chanel
Фото 5 из 5 Chanel

Arco («Арко»)

Уго Бьенвеню

«Арго» – Жерге болашақтан келіп түскен ұл баланың хикаясын баяндайтын жарқын анимациялық фильм. Жас француз иллюстраторы әрі режиссері Уго Бьенвенюдің алғашқы көркем жобасы. Натали Портман фильмнің продюсері қызметін атқарып, бас әйел кейіпкерді дыбыстайды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Chanel
Фото 2 из 3 Chanel
Фото 3 из 3 Chanel

The Chronology of Water («Су хронологиясы»)

Кристен Стюарт

«Су хрогологиясы» – Chanel-дің бас амбассадорларының бірі Кристе Стюарттың режиссерлік дебюті. Хикая Лидия Юкнавичтің жастық шақ, шығармашылық еркіндігі және өз болмысын айқындау жөніндегі естеліктеріне негізделген. Тәуелділікпен күрескен жүзгіш бойжеткен спорттағы жетістіктерінің арқасында университетке түседі. Спортшы жаңа өмірге қадам басып, әдеби шығармашылыққа бойлайды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Chanel
Фото 2 из 3 Chanel
Фото 3 из 3 Chanel

Темы