Бұл – Chanel-дің Матье Блазидің жетекшілігімен шығатын алғашқы Métiers d'Art топтамасы болмақ
Екінші желтоқсанда Нью-Йоркте Chanel-дің жаңа креативті директоры Матье Блазидің жетекшілігімен жасалған Métiers d'Art топтамасы таныстырылады. Métiers d'Art – бұл Карл Лагерфельдтің 2002 жылы бастамасымен қолға алынған Chanel-дің ерекше желісі. Ол Lesage (кесте), Lemarié (қауырсын), Massaro (аяқ киім) сияқты бірегей қолөнер ательелерімен серіктестікке арналған.
Осы оқиғаның құрметіне Chanel логотипімен безендірілген Нью-Йорк метросының картасы бейнеленген тизер шығарылды. Бұл – 1930 жылдары АҚШ-ты бағындыру үшін Атлант мұхитын кесіп өткен Коко Шанельге жасалған тарихи сілтеме. «Матьенің Нью-Йоркті таңдағанына қуаныштымын. Ол қаланың қуатын сән үйінің шеберлігімен ұштастырады», – деді Chanel президенті Бруно Павловски.
Ал алтыншы қазанда Париждегі Сән апталығында біз Блазидің дебютін тамашалайтын боламыз.
