IMAGE Instagram: @burberry

Британдық сән әлемінің көрнекті бренді Әкелер күніне орай футболшы Фил Фоденнің отбасылық портретімен жаңа жарнамалық науқанды ұсынды

Манчестер Сити клубының жартылай қорғаушысы Фил Фоден туған қаласы Стокпортта ұлы Ронни мен қызы Трумен бірге Burberry-дің классикалық торлы өрнегі бар киімдерімен суретке түсті.

Студиядан тыс жерде жүргізілген түсірілім брендке тән сән талғамынан ауытқымай, отбасылық жылылық пен жақындық сезімін терең жеткізе білді. Мұнда британ күнінің сирек шуағы, жасыл шабындық, сондай-ақ люкс жарнамасы мен шынайы отбасылық фотосуреттің керемет үйлесімі көрініс тапқан. Бұл футболшының брендпен алғашқы ынтымақтастығы емес деп айтып кеткен жөн. Фил бұған дейін Еуро-2024 чемпионатының басталуына орай шыққан Burberry жарнамалық науқанына қатысқан болатын.

Burberry бренді мәдениеттің жай ғана бетпердесі емес, қайта оның ажырамас бөлігі болып табылатын тұлғаларды жарнамаға тартуды жалғастырып келеді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram: @burberry
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Темы