IMAGE Джонатан Андерсон | Dior

Джонатан Андерсон Dior-да әйелдер мен от-кутюр топтамаларының шығармашылық директоры болып тағайындалды

Джонатан Андерсон қазірдің өзінде Dior-дың ерлер желісінің шығармашылық директоры қызметін атқарып келген. Дизайнер Dior-дағы алғашқы ерлер топтамасын 27 маусымда Парижде таныстырады. Енді оған әйелдер желісі мен от-кутюр бағыттары да сеніп тапсырылды. Әйелдер топтамасының көрсетілімі 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. LVMH президенті Бернар Арно бұл жаңалыққа қатысты: «Джонатан Андерсон – өз буынының үздіктерінің бірі. Оның қайталанбас көркемдік қолтаңбасы Dior үйі тарихының келесі тарауын жазуда негізгі рөл атқарады», – деп ерекше атап өтті.

Dior тарихында тұңғыш рет креативті директор бірден әйелдер мен ерлердің прет-а-порте және от-кутюр топтамаларымен жұмыс істейтін болады. Бұған дейін Андерсон Loewe-де креативті директор қызметін атқарып, өзінің ерекше тәсілімен, жарқын түстерімен және керемет коллаборацияларымен көпшілікті таңғалдырған еді. Енді осының бәрін Dior-да да көреміз деп үміттенеміз.