Формула-1 жүргізушісі Чарльз Леклерк өзін киім дизайнері ретінде байқап көреді

Чарьз Леклерк Ferrari Style сән желісімен бірге капсула топтамасын ұсынады.

Ferrari мәлімдемесінде компания Scuderia Ferrari HP F1 жүргізушісімен шектеулі жаңа киім коллекциясы шығарылатыны туралы айтылған. Бұл коллекция сән-салтанат пен спорттың тоғысуындағы гардероб болмақ.  

Ferrari Style креатив директоры Рокко Ианнонемен бірлесіп жасалған капсула топтамасы Монако гран-при қарсаңында Леклерктің туған қаласы Монте-Карлодағы арнайы іс-шарада дебют көрсетеді және 21 мамырдан бастап сатылымға шығады.

Ынтымақтастық туралы аз ғана мәлімет жарияланған. Тек капсула Леклерктің жеке стилінен шабыт алатыны айтылған. Капсулаға италиялық спорт автокөлік брендіне тән сән-салтанатты бейнелейтін, саяхат пен демалысқа арналған киімдер кіреді. 

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 9 ferrari.com
Фото 2 из 9 ferrari.com
Фото 3 из 9 ferrari.com
Фото 4 из 9 ferrari.com
Фото 5 из 9 ferrari.com
Фото 6 из 9 ferrari.com
Фото 7 из 9 ferrari.com
Фото 8 из 9 ferrari.com
Фото 9 из 9 ferrari.com