IMAGE Франческа Беллеттини | Getty Images

Оның алдында Gucci-дің жоғалған даңқын қайтарып, сатып алушылардың жүрегін қайта жаулап алу міндеті тұр

Kering компаниясы Gucci-дің жаңа президенті және бас директоры етіп Франческа Беллеттиниді тағайындады. Оның алдында қиын кезеңді бастан кешіп жатқан топтың басты брендіне жаңа тыныс беру міндеті тұр. Бұл шешімді Kering басшысы болып жаңадан тағайындалған Лука де Мео қабылдады. Беллеттини он жылдан астам уақыт бойы Saint Laurent-ды басқарып, оны қарапайым айналымдағы сән үйінен бизнесін алты есеге жуық ұлғайтқан жаһандық алпауытқа айналдырған. Оның стилі – басқарудағы қатаң тәртіп, шығармашылыққа деген құрмет және команданы тыңдай білу.

Gucci соңғы жылдары өз позициясын жоғалтып, топтамаларынан гөрі директорларын жиі ауыстыруда. Енді Франческа брендті тұрақтандырып, Енді Франческенің алдында брендті тұрақтандырып, оған жаңа буын үшін айқын бағыт беру міндеті тұр. Де Мео және креативті директор Демна Гвасалиямен күш біріктіре отырып, оның Gucci-дің бүкіл әлем сүйген бұрынғы даңқы мен салтанатын қайтаруға толық мүмкіндігі бар.

Темы