IMAGE Вероник Нишанян | Getty Images

Вероник Нишанян Hermès ерлер желісінің дизайнері қызметін 37 жыл атқарды

Сән әлеміндегі «орын ауыстыру ойыны» ең тұрақты деген Hermès үйіне де жетті: ерлер желісін 37 жыл бойы басқарған Вероник Нишанян қызметінен кететінін мәлімдеді. Оны 1988 жылы Hermès-ке сол кездегі бас директор Жан-Луи Дюма шақырған болатын. Сол уақытта ол ерлерге арналған люкс сегментіндегі санаулы әйелдердің бірі еді. «Hermès маған кету уақыты келгенін өзім сезінген сәтті таңдауға мүмкіндік берді. Қазір мен сол сәттің келгенін сезіп тұрмын», – деді Нишанян өзінің қоштасу сөзінде.

Ерлер люксіндегі ең ұзақ қызмет еткен креативті директордың орнын оның орынбасары – дизайнер Бенджамин Бретт басады деген қауесет тарап жатыр. Нишанян өзінің соңғы топтамасын алдағы қаңтар айында таныстырмақ.

Hermès-тегі бұл өзгерістер индустриядағы жалпы тұрақсыздық аясында орын алып отыр. Көптеген брендтер люкс сегментіндегі өсімнің баяулауына байланысты креативті басшылықты қайта қарастыруда. Тіпті Hermès сияқты мызғымас үйге де жаңа леп, жаңа көзқарас қажет сияқты. Бұл тарихта бірінші рет емес: кезінде, 1997–2003 жылдары, Hermès әйелдер желісінің креативті директоры қызметін атқарған Мартин Маржела да дәл осындай жаңарудың бастамасы болған еді.