Мария-Антуанеттаға арналған көрмеде патша сарайының киімдері, жібек туфлилер және Кіші Трианонның шай жиынтығы назарға ұсынылмақ
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Лондондағы V&A South Kensington мұражайында Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет «Marie Antoinette Style» көрмесі өз есігін ашады. Бұл шара Францияның соңғы патшайымы Мария-Антуанеттаның өмірі мен оның сән әлеміне тигізген ықпалын паш етуге бағытталған. Көрмеге келушілер 250-ге жуық жәдігерді тамашалай алады. Олардың қатарында патшайымның жеке топтамасынан алынған киімдер, әшекейлер, аксессуарлар мен ыдыс-аяқтар, Moschino, Dior, Chanel, Erdem, Vivienne Westwood және Valentino секілді заманауи дизайнерлердің туындылары, сондай-ақ София Копполаның «Мария-Антуанетта» фильміндегі костюмдер бар. Айта кетерлігі, жәдігерлердің бір бөлігін тікелей Версаль сарайынан әкелу жоспарланып отыр. Сонымен қатар көрмеге ерекше атмосфера сыйлау үшін патша сарайының иістері мен Мария-Антуанеттаның сүйікті әтірлерінің хош иісі қолданылмақ.